Танымал журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында психолог, коуч Мұхамеджан Тазабек жұрт білгісі келетін сұрақтарға жауап берді деп жазады Democrat.kz.
Журналистің "Қаңтар" оқиғасында қайда болдыңыз, сол бір қаралы күндерде халық сіздің бір ауыз сөзіңізді естігісі келді, халыққа болысып неге басу айтпадыңыз, Түркияға Бішкек арқылы қашып кеткеніңіз рас па дегенге саятын сұрағына М.Тазабек: "Қаңтар" оқиғасында ешқайда да қашып кетпедім. Алматыда, үйде болдым. Оқиғадан кейін 20 күннен кейін "Асыл арнада" "Қаңтар" оқиғасына қатысты арнайы хабар бердік. Түркияға Бішкек арқылы кеткенім рас. Өйткені біздің әуежай жабық еді. Түркияға "Қаңтар" оқиғасынан кейін бірнеше күннен кейін өз шаруаларыммен кеттім. Қайрат Сатыбалдымен хабарласып тұрамыз. Қазір үйінде. Анасы қайтыс болғанда, көңіл айтып, барып қайттым. Қызымның ұзату тойына Сатыбалды қатыспады, той болатынынан хабары болды. Ол кісі көпшілік жиналатын орталарға қазір бармайды", - деді. Фото көрнекілік үшін. https://www.tiktok.com/@ayzada.brend/video/7507288272867953938?_r=1&_t=ZM-8wZozF5Mcq8 https://www.tiktok.com/@ayzada.brend/video/7507288954803146002?_r=1&_t=ZM-8wZpWZQ51lw