Димаштың қарындасы Раушан Құдайберген қалыңдық атанды

Димаштың қарындасы Раушан Құдайберген қалыңдық атанды

Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан әлеуметтік желіде “сырғалым” атанған сәтінін жантебірентерлік видео жариялады.

Құдайбергенов әулетіндегі қуанышты жаңалықты меңзеп Раушанның анасы Света Айтбаева да өзінің желідегі парақшасында видеомен бөлісті. Видеодан күйеу жігіттің жақындары қалыңдықтың құлағына сырға салып жатқан сәтін көруге болады. Раушанның әкесі Қанат Айтбаев әсерлі сәтті көріп көзіне жас алды.

Құдайбергеновтер әулетінің күйеу баласы – Ермахан Аймахан есімді музыкалық театр артисі.

Видеоның астында Димаштың қазақстандық жанкүйерлері мен шетелдік жанкүйерлері да жарыса пікір қалдырып, жас жұбайларға ақжарма тілектерін айтты.

“Саған дүниедегі бар жақсылықты тілеймін”, “Жүрегіңіздің иесі осы жігіт екен. Бағыңыз ашылсын, Раушан ханым! Бақытты болыңыздар”, “Күйеу бала Димашқа ұқсайды екен, бақытты болыңдар, Раушан қыз”, “Құттықтаймын ханшайым, ұзағынан сүйіндірсін”, Бақытты бол, көкесінің Раушаны”, – деп жазды желідегілер.

Бұған дейін Раушан Құдайбергеннің сырғалым атанғанын жазған едік.

Все новости