COVID-19 вакцинасын алғандардың денсаулығында ақау пайда болған

COVID-19 вакцинасын алғандардың денсаулығында ақау пайда болған

Дәрігерлер Pfizer COVID-19 вакцинасынан кейін күтпеген кері әсерді анықтады. Сол екпені алған әйелдерде гигантомастия немесе әйелдердегі сүт бездерінің шамадан тыс ұлғаюы байқалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Pubmed сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Pfizer/BioNTech COVID-19 препаратын алғаннан кейін бір аптадан кейін әйелде сүт безі ұлғайған. Екінші дозаны қабылдағаннан кейін әйелдің кеудесі одан да үлкен болды. "COVID-19 вакцинациясынан кейін сүт безіндегі шынайы паренхиматозды өзгерістер өте сирек кездеседі. Псевдоангиоматозды стромальды гиперплазиямен (PASH) байланысты гигантомастия жағдайлары да сирек кездеседі. Ал мына пациентте екеуі де болған", – дейді зерттеушілер. Нәтижесінде дәрігерлер сүт бездерін хирургиялық жолмен кішірейтуге мәжбүр болды. Ғалымдар COVID-19 вакцинасы, PASH және сүт безінің гипертрофиясы арасындағы байланыс вакцинаға реакциялардың спектрін түсіну үшін қосымша зерттеуді қажет етеді дейді. Ақпаратты Американың пластикалық хирургтар қоғамы ұлттық медицина кітапханасында жариялады.
Все новости