"Бұл - барып тұрған жала" деді Балғынбек Имашев

"Бұл - барып тұрған жала" деді Балғынбек Имашев

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев ұлының алаяқтық бабы бойынша күдікке ілінуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, ақынның ұлы Данияр Имашев атқарушы директор болып қызмет ететін "Qazaq travel" компаниясының үстінен туристер шағым түсірген. Яғни қасиетті мекенге ұшуға тиіс болған туристерге компания олардың ешқайда ұшпайтынын мәлімдеген. Мәселенің мән-жайын айтыскер ақынның өзі түсіндірді. «Мен бұл мәселені кеше кешкісін ғана естідім. Ақтөбеге сапарға кеткен едім, қазір Астанаға келдім. Алматыға ұшайын деп тұрмын. Сол жаққа барып өзім мән-жайды білемін. Қазір ештеңені нақты білмегендіктен толық ақпарат бере алмаймын. Ал ана компанияға (Qazaq travel — ред.) қатысты айтсам, оларға 100% сенімдімін. 10 жылдан бері неше мәрте ол компаниямен бірге умраға бардық. 10 мыңнан астам қажыға қызмет көрсеткен сенімді компания. "Алаяқ компания", "елді жеп жатыр" деген ешқандай шындыққа жанаспайды, - деп жауап берді Балғынбек Имашев. Сондай-ақ ақын ұлының дауға іліккен компанияға жұмысқа тұрғанына үш-ақ ай болғанын хабарлады. «Тәжірибесіздіктен, білместіктен қателік жіберуі мүмкін. Бірақ "Елді жеп жатыр", "алаяқ екен" дегеннің ешқайсысы шындыққа жанаспайды. Барып тұрған жала және мені де белгілеп "Ел көтерген азамат халықты алдап жатыр" деп неше түрлі әңгімелер жазып жатыр. Жеке басыма қатысты да сондай сөздер айтылуда. Сырттай ештеңе айтпай-ақ қояйын. Өзім барып сөйлесіп, көзім жеткесін толық пікір беруге дайынмын, - деді айтыскер. Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергелгенін растады. Ресми түрде 50-ге жуық азамат арызданған. Алматының өзінде Мәдина мен Меккеге ұша алмаған 50-ден астам адам шағым түсірген.
Все новости