Біздің миды мектептен ашытпай, мұғалім бірден шындықты айтқаны дұрыс

Біздің миды мектептен ашытпай, мұғалім бірден шындықты айтқаны дұрыс
Біздің миды мектептен ашытады. 6-шы ма, 7-ші ма сыныпта География, Химия пәндері сабақтар тізіміне кіреді. География мұғалімі кабинетке кіре сала: Қазақстан жер көлемі бойынша 9-шы орында, 2,7 млн шаршы шақырым жеріміз бар, әлемдегі ең үлкен елдердің біріміз дейді. Сосын келесі сабақ Химия пәні. Апай кіріп Қазақстанда Менделеев кестесіндегі 118 элементтің 99-ы бар деп жібереді әңгімені. Артқы партада отырған, әлеуметтік жағдайы төмен, екі бөлмелі жалдамалы времянкада тұратын бала апайлардың қыртқан бұл әңгімесін қабылдамайды. «Егер жеріміз кең болса, неге бізде 6 сотық жер жоқ? Егер бізде жер қойнауының барлық байлығы болса, әке-шешем неге ай сайын кредит пен рассрочка үшін ұрысып отырады?»- деп ойға кетеді. Сондықтан мектеп бағдарламасына өзгерістер енгізу қажет. География мұғалімі сабақты былай түсіндіруі керек: «Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде 9-шы орында. Сонымен қатар, Қазақстанның кез келген азаматы 10 сотық жерді тегін алуға құқылы. Бірақ ол үшін сіз кезекке тұруыңыз қажет. Қазіргі таңда бұл кезекке 1,5 млн адам тұрған. Сіздің кезегіңіз шамамен 30-40 жылда келуі мүмкін. Оған дейін сіз не жалдап, не ипотекаға квартира (и то ипотека одобрить етсе) алып өмір сүре тұрасыз». Ал Химия пәнінің апайы: «Иә, Қазақстанда мұнай да, газ да, көмір де, темір де бар. Бірақ, мұнайдың тек 26%-ы мемлекетке тиесілі. Қалғанын 90-шы жылдары мемлекет шетелдік инвесторларға берді. 2023 жылы Қазақстан 90,6 млн тонна мұнай өндірді, бірақ соның негізгі табысы шетелдік компанияларға кетті. Басқада қазба байлықтар бойынша жағдай ұқсас. Себебі Назарбаев кезінде келісім-шартты солай жасаған. Ол келісімді қазір қайта қарау инвест климат үшін қауіпті, себебі түрлі санкцияларға ұшырауымыз мүмкін» - деп түсіндіру керек. Соңында мұғалімдер «Сондықтан балалар, біздің ел мына кітаптағыдай бай емес. Керісінше, мемлекеттің сыртқы қарызы шамамен 160 млрд долларды құрайды. Неғыса өздеріңіз бір нәрсе қылыңдар, оқыңыздар, білім алыңыздар» - деп айтулары қажет. Сонда мүмкін оқушылар өмірді ертерек түсінеді. Алмас МАРАТҰЛЫ, қоғам белсендісі. Instagram жазбасы. Фото көрнекілік үшін.  
Все новости