"Біздің бұлттарды көршіміз климаттық қарумен "сорып жатыр" дейді "жаңбыршы Алтай"

"Біздің бұлттарды көршіміз климаттық қарумен "сорып жатыр" дейді "жаңбыршы Алтай"

Жұртқа "жаңбыршы Алтай" деген атпен танымал болған Алтай Айнабек бұлттарға қатысты мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz. 

"Бұрыннан белгілі, Маңғыстауға түскен жауын, екі күнде Шымкентке, үш күнде Алматыға келетін. Яғни, қалыпты жағдайда бұлттар батыстан шығысқа жылжитын. Биыл ондай емес. Маңғыстау облысында жауын жақсы, бірақ шығысқа қарай еш нәрсе жоқ. Біз бұл құбылыстың неге болып жатқанын бір айдан бері зерттеп келеміз. Тұжырым: орыстардың «СУРА» климаттық қаруы іске қосылғанға әбден ұқсап тұр. СУРА - HAARP - тың орысша үлгісі. Бұл қару, өйткені БҰҰ ENMOD конвенциясына сай, атмосфералық қозғалыстарды «теріс айналдыруға» тыйым салынған. Яғни, бұрын бұлттар батыстан шығысқа жылжыса, қазір оңтүстіктен солтүстікке кетіп жатыр, және айналадағы ылғалдың барлығын шаңсорғыш сияқты мегаваттартмен жасайтын шамамен Тверь мен Төменгі Новгород облыстарында орналасқан «СУРА» жұмыс істеу аймағына тартуда. Ал ол, өзі қуаңшылық жылынан онсызда зардап шегіп отырған көрші мемлекеттер үшін ауыр тиюде. P.S. Қытай «Аспан өзендерінің көзін ашу/Небесные реки» бағдарламасын бастап жатса, орыстар тиктанический қарулар пайдаланып атмосфералық суды сорып жатқанда, бұл бағытта дамымай жатқан Қазақстан, зымыранды садақпен атуға тырысқан «сорлының» күйін көрсетіп отыр. Жалпы біз қазір жердегі суға емес, жерге түспей тұрып ақ суды атмосферадан тартып алатын заманда өмір сүрудеміз. Үш күндігін ойламаған әйелден без, Үш жылдығын ойламаған еркектен без, дегендей ғой барлығы” деп жазды Алтай Айнабек. Фото интернеттен.  
Все новости