Биылғы оқу жылы несімен есте қалды?

Биылғы оқу жылы несімен есте қалды?

Оқу жырының аяқталуына санаулы ғана күндер қалды. Ғани Бейсембаев демалыс күнін жақсы көргеннен бе немесе сол күні жұмыс істегісі келетіннен бе Алтынсарин академиясында басшылық қызметте болғанда демалыс күні де мұғалімдерді жұмысқа шақыру «пайда» бола жаздап, кейін министр болғанда да қырсық қылғанда 1, 24, 25 деген сандар демалыс күніне топырлап келе берді.

Қалай да солай болып қалды. 23 күнін шегелегеннің орнына 24 күнді де «өздері таңдауға» болады деді. Оқу жүктемесін азайтуға өз басым қарсы емеспін, оның үстіне сенбі, жексенбі екі күн демалғанның да педагогтар үшін де, оқушылар үшін де пайдасы бар деп ойлаймын. "Нысаналы" деп нысанадан да табылдық. Петиция жариялап біраз адам жабылдық, оның мерзімі де бітті, өкініштісі аз қол жинағандықтан тиісті мекемеге жауап алуға бағытталып та кетті. "Жайлы мектеп" деп жайланып жүргенде оның да тиісті дәрежеде аты жайлы болғанмен құйрығы майлы болмағанын да көрдік. Педагогтардың аттестациядан өткендерден гөрі құлағаны көп, тұрғаннан жылағаны көп, бітпейтін өзгеріс, жақсылыққа сөз беріс, барлығын көз көріп, министр сөз беріп, әйтеуір есеп үшін жүріп жатқаны аз емес... Жасанды интеллектпен талай дүниеге қол жеткізгенмен, жасандылықтан құтылатын кез бола ма?! Сонымен биылғы оқу жылы несімен есте қалды? Мейіржан ТЕМІРБЕК, белсенді ұстаз. Фото көрнекілік үшін.
Все новости