Биыл 7,4 млрд доллар болатын полиэтилен зауытының құрылысы басталады

Биыл 7,4 млрд доллар болатын полиэтилен зауытының құрылысы басталады
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында биыл қолға алынатын өнеркәсіп саласындағы ірі инвестициялық жобаларды атады. — Биыл құны 7,4 млрд доллар болатын полиэтилен зауытының құрылысы басталады. Құны 1,3 млрд долларды құрайтын бутадиен зауытының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу қолға алынады. Қазақстан даму банкінің қолдауымен инвестор Павлодар облысында алкилат шығаратын зауыт салып бастағалы отыр. Qarmet компаниясы жылына 200 мың тонна көмір өндіретін іске асыруға кірісті, — деді ол. Үкімет басшысы жобаның құны 262 млн доллар болатынын, соның аясында көмір химиясы өнімдерінің 15-тен астам түрін шығару көзделіп отырғанын мәлім етті. — China Energy компаниясы елімізде көмір химиясы бойынша 4 млрд доллардың инвестициялық жобаларын іске асыруға қызығушылық білдіріп отыр. Қазіргі таңда оңтайлы көмір кенінің орнын таңдауда, — деді Олжас Бектенов. Дереккөз: ҚазАқпарат
Все новости