Білім сапасы басшылардың бұйыруымен "жақсы" деп көрсетіледі

Білім сапасы басшылардың бұйыруымен "жақсы" деп көрсетіледі
Бағдарлама дұрыс болмаса, оқулық та дұрыс болмайды. Біздің елде бағдарламаның тиімділігі аса зерттелмейді, шала-пұшық бағдарлама мұғалімге салмақ салады. Бағдарлама кемшілігіне келгенде мұғалім түзесін дейтіндер тек біздің мемлекетте, ондайда алдыларына жан салмайды. Бағдарлама жасалады, бірақ әдістемесі жасалмайды, бағалау өлшемі мен оқушының алатын білім көлемі өлшенбейді, өлшенбеген соң дұрыс бағаланбайды. Оқушы білімі нақты бағаланбаған соң, нәтижесіз болады. Оқушы білімі қайдан өлшенеді, қалай бағаланады?! Одан бұрын бағдарламадағы нәтижені нақтылайтын құндылықтар бағаланбайды, өлшенбейді, абстрактілі ұғымдар алынған. Педагог дайындайтын жоғарғы оқу орындарының кейбірі қолданыстағы бағдарламаны мүлде оқытпайды (2012-2024 жылдарда) Тек әдіс-тәсілдерге басымдық береді де пән мазмұнын оқушыға жеткізудегі күрделі процесс ескерілмейді. Практиканттардың сабақта “Апелсин” тәсілін қолданғаны “чудо” жаңалық болып есептелгенін де көзім көрді. Мұғалімдердің оқу мақсаттарымен тиянақты, нәтижеге дейін жете жұмыс жасай алмау себептері де зерттелмеген. Себептері мен салдары талданбаған. Сондықтан білім алушылардың білім сапасы жалған “көтермеленіп” жоғарыдан берілген ауызша бұйрықен түзетіліп отыратыны жасырын емес, әсіресе соңғы бір -екі жыл сондай болып тұр. “Айтқанның аузы жаман”, ал айтпасақ бұның ұрпаққа қиянаты көп. Оны ойлаған билік жоқ. Мира БАРКАЗАТҚЫЗЫ, білікті ұстаз. Facebook жазбасы. Фото көрнекілік үшін.  
Все новости