Білім басқарма өкілдерінің бетін жасырып, бүгежектегені несі?

Білім басқарма өкілдерінің бетін жасырып, бүгежектегені несі?

ТикТок әлеуметтік желісінде қоғам белсендісі Сәуле Бикитеева Астана Білім басқарма өкілдерінің заңсыз әрекетін әшкерелеп, видео жариялады деп хабарлайды Democrat.kz.

Сәуле Бикитееваның айтуынша Астана Білім басқарма өкілдері мектептерге келіп, оқушылар арасында анкеталық сауалнама жүргізген. "Сіздер мектепте балалардың ата-анасының келісімінсіз неге сауалнама жүргізесіздер? Бері қарап, жауап берсеңіздерші! Ғани Бейсембаев, не сұмдық мынау?! Оқу ағарту министрлігінде мынадай адамдар жұмыс істеп жатса..." деген Сәуле Бикитееваның сұрағына әлгі өкілдер "басқарма басшылығынан сұраңыз оны" деп жүзін жасырып, теріс қарады. Камераға қарауға дәті жетпегені ме, әлде өз әрекеттеріндегі заңсыздықты мойындағаны ма, әйтеуір көліктегі білім саласының мамандары бүгежектеп, кібіртіктей берді. Фото видеодан скринделді. https://www.tiktok.com/@saulebikiteeva/video/7506459483497860358?_r=1&_t=ZM-8wWD5ONvhH6  
Все новости