Бас мүфти Наурызбай қажы әкімдерді менсінбей ме?

Бас мүфти Наурызбай қажы әкімдерді менсінбей ме?

Бас мүфти Наурызбай Өтпенов Алтынбек Ұтысханды «лақтырды» ма? Ол неге Берік Уәлидің өтінішін орындамайды?

«Бас мүфти Наурызбай Өтпенов Атырау облысының бұрынғы бас имамы Алтынбек Ұтысханға қызмет бермей сандалтып қойды, ротация бойынша басқа облысқа бас имам қылам деген уәдесін жұтып қойды» деп хабарлады мүфтиятты торуылдап жүрген құпия дереккөз. Алтынбек Ұтысхан діни қызметінен босатылған тұста президент Тоқаевтың бұйрығымен Берік Уәли Абай облысына әкім болып тағайындалған. Әкім өзі басқаратын аймақтың бүткіл саласына жауапты, діни ахуалға да. Осы аймақтағы бас имам Асқар Мұханов та А.Ұтысхан секілді бір орында тапжылмай 6 жылдай отырып қалды. ҚМДБ-ның кадр тәртібі бойынша оны да ротация жасауы тиіс болатын. Әкім Берік Уәли бас мүфти Наурызбай Өтпеновтен аймаққа ротация жасап, бас имам қылып Алтынбек Ұтысханды тағайындауды өтініпті. «Ал Наурызбай Өтпенов кекірейіп, өзінше болып, білдей бір облыс әкімінің өтінішін орындамай отыр» деді дереккөз. Дереккөздің айтуынша, Берік Уәли Президенттің баспасөз хатшысы болып жүргенде Наурызбай Өтпенов оның алдында лыпылдап, құрдай жорғалап, қалай да жағымпазданып қалуға тырысып жүріпті. «Берік Уәли қалай Ақордадан алыстап аймаққа кеткені сол екен, оның өтінішін Наурызбай құлағына ілмейтін әдетке басты. Сондықтан ол Алтынбек Ұтысханды Абай облысына бас имам қылып тайғайындағысы келмей қырысығып отыр. Оның бұл аймақта өзінің есебі бар... Бас мүфтидің өзіндік есебі облыс әкімінің саясатымен қайшыласып тұр» деді дереккөз. P.S. Құпия дереккөзім «Атырау облысының су жаңа бас имамы Болатбек Абу жөнінде молдалар қауымы үшін аса қызықты мәлімет берем» деді. Күтейік. Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист. Фото интернеттен.
Все новости