Баласын вокзалда тастап кеткен ана іздестіріліп жатыр

Баласын вокзалда тастап кеткен ана іздестіріліп жатыр
Астанада баласын вокзалға тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Баласын вокзалға тастап кеткен әйелге іздеу жарияланғаны туралы ақпарат Instagram-дағы _astana_volontery_lider.kz парақшасында жарияланды. "5 қаңтарда сағат 18:00 шамасында ескі вокзал ғимаратында 3-4 жасар баланы тастап кеткен әйелді іздейміз", - делінген жазбада. Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметі өкілі NUR.KZ тілшісіне сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді. "Бала медициналық мекемеге орналастырылды. Полицейлер оның анасын әлі іздеп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Все новости