Баян Мақсатқызы: "1 млн доллар қарызым болды"

Баян Мақсатқызы: "1 млн доллар қарызым болды"
Кезекті бір сұхбатында танымал продюсер Баян Мақсатқызы өзінің үлкен қарызы туралы айтты деп жазады Democrat.kz. "Осыдан он шақты жыл бұрын мен орындалмаған жобаларым үшін 1 млн долларға жуық қарызға кірдім. Мұнша ақшаны алатын жерім де, адамым да жоқ. Жалғыз өзім осынша сома қарызды төлеуім керек. Не істедім? Ештеңе де істемедім. Бар болғаны өзіме "аяқ-қолым бүтін, денім сау, демек, бұл қарыздан мен құтыла аламын" деп күш бердім. Ешкімге ештеңе айтпадым, өміріме шағымданбадым. Ұйқыдан қағылып, уайымға салынбадым. Өйткені аман болсам, ол қарыздан құтылатыныма сендім. 1 млн доллар қарыздан 2 жылда түгел құтылдым. Айтқым келгені, басына іс түссе, мүжіліп, уайымдап, азып-тозып кетудің керегі жоқ. Бар болғаны өзіңе сен, бітті", - дейді Баян Мақсатқызы. Фото интернеттен алынды.  [video width="576" height="1024" mp4="https://democrat.kz/wp-content/uploads/2024/11/WhatsApp-Video-2024-11-27-at-00.04.04.mp4"][/video]
Все новости