Аутизм ауруын біздегі ресми медицина бұрын көбіне гендік, яғни тұқым қуалаушылықтан болады дейтін, ол медицинаға жеңіл, яғни ауруды ата-анасының өзіне ысыра салатын, кінәлайтын тәсіл сияқты тұғын.
Оған медицинаны кіналау да артық шығар, себебі ол өршіп бара жатқан аурушаңдыққа әлі келмеген шарасыздықтан да болып отыруы мүмкін.
Қәзіргі ғылым аутизм көп жағдайда перинаталдық кезеңдегі, яғни ананың жүкті кезіндегі вирус, немесе салауатты өмір салтын сақтамаудан іштегі шарананың ми дамуындағы тежелістен дегенді айтып отыр.
Осы ретте, хронобиологияны 15 жылдан бері талдаған маман ретінде, әлем ғылымындағы соңғы кезде ашылған жаңалықтарға сүйене отырып, ананың циркадтық ритмдері бұзылуы іштегі шарананың дамуының ауытқушылығына соқтырады-ау деген қаупім бар.
Бұл жөнінде аутизм, еліміздегі медицинаның болашағы жайлы үнемі жазып жүрген ғалымдар Kenneth Alibekке, Almaz Sharman, Сапар Рахменшеев және басқа да медицина саласы ғалымдарымен пікірлесіп, осы жерде де комментариймен сұрақтар жазып, я биологиялық ритмдердің медицинада ескерілуі маңызды дегендей жауап алып отырмын.
Әрине, циркадтық ритмдер бұзылуы, ұйқы сергектік режимі бұзылуы аутизмнің жалғыз себебі емес, бірақ бұл аутизмді өршітетін фактор да болуы мүмкін.
Сонымен қатар циркадтық ритмер бұзылуының өзінің жүздеген себебі, мысалға стресс, қандай да бір ауру салдары, түнгі ауысымдық жұмыс, әлеуметтік сағаттық белдеулер ауысуы(SJL) , жарықпен ластану факторы(#ALAN), ұйде кешке жарықтың тиісті спектрін қолданбау(теплыйсвет), ұйқы сергектік режимін табиғи уақытқа сәйкессіздігі сияқты және т.б. себептері болса, оларды нақты анықтау да қиын.
Мысалға, рак, диабет ауруларының салдары ұйқы бұзылуына соқтырса, ұйқы бұзылуы да осы аурулардың туу факторы екені қәзіргі ғылыммен дәлелденіп отыр.
Сондықтан, егер біз ауруың салдарымен нәтижесіз күресіп, млрдтаған қаржыны да жеткізе алмай соңында жүрмей, аурудың алдын алғымыз келсе, бұл бағытта салауатты өмір салтын ұстанудың басты алғы шарты біздің биологиямыздың табиғи ритмдерге сай болуын мейлінше халыққа жеткізу, насихаттау, әсіресе жасөспірімдерге, болашақ аналарға жеткізу қажет деп санаймын.
Мысалға, Қазақстанда 99% халықтың үйінде, тіпті жатын бөлмелері мен холдарда "салқын" спектрлі, ақ жарық лампочкалар жанып тұрған шығар.
Яғни Қазақстандағы халықтың басым көпшілігі көк, қысқа спектрлі жарық шамдарының каталогында олар офиске, яғни күндізгі болатын бөлмеге арналған шамдар екенін, ал тұрғын үйде кешке ұзақ толқынды, сарғыш болып жанатын шамдар ҚОЛДАНУ КЕРЕК ЕКЕНІН БІЛМЕЙДІ!
Шет елде, біздегі де қымбат қонақ үйлерде тек сарғыш түсті жарық жанып тұрғанын көресіз, үйде де солай болуы керек, сонда барлық басқа гормондар балансы, ас ішу, ұйқы сергектік, қан айналым, температура циклдарының реттеушісі, адам ағзасының басты гормоны мелатонин секрециясы уақытыл және қажетті мөлшерде болады.
Көк спектрлі лампочкаларды ауыстыру керегін айтсаң біз қазақ "ол лампочка ақша тұрады ғой" дейміз, сондағысы бір лампочка 400 тг, ал одан болатын салдарға, аурушаңдыққа ертең, одан өзің де отбасың да шығынға, қиналысқа тап болатын, МИЛЛИОНДАҒАН теңгең де жетпей қалатынын, оның бастысы ол пайда болған ауру енді ұрпақтан ұрпаққа берілетін жағдайға өтетінін ескермейміз.
Өкінішке орай Қазақстанға хронобиология деген ғылым енді белгілі болып жатса, ғылыми зерттеулер түгіл, ол жөнінде маман да жоқтың қасы..
Меніңше Медицина Университеттерінде адам физиологиясын, биоритмдердің маңыздылығына мән бере оқыту қажет және сомнолог, хронобиологтарды да, кеш қалмау үшін осы кезден дайындау қажет. Ол үшін бұл ғылымға аса мән берілуі қажет деп ойлаймын.
Себебі соңғысымен Жаңа Заман Медицинасының болашағы, хрономедицина, хронодиагностика, хронофармокология қалыптасады.
Көп болжамдарымда қателессем қуанар ем, алайда 15 жыл осы бағыттағы ғылыми зерттеулерді талдауым сол болжамдардың көбі қәзір, әсіресе соңғы 4-5 жылдан беріде Әлемде Ғылыми дәлелдерін тауып жатқанын көрсетіп отыр.
Қолданбалы хронобиология маманы
Болат НҰРХОЖАЕВ.
Фото көрнекілік үшін.