"Ата-анам балалар үйіне алдап тастап кетті" дейді түркістандық қыз

"Ата-анам балалар үйіне алдап тастап кетті" дейді түркістандық қыз
Әлеуметтік желіде арнайы видео жариялаған Түркістан облысының жас қызы "ата-анам бізді алдап, балалар үйіне тастап кетті" дейді деп жазады Democrat.kz. ТикТок әлеуметтік желісінде Turkestanskaya деген атпен парақша ашқан Ләйлә қыздың тағдыры тым аянышты-ақ... "2018 жылы бір сіңілім, үш ініммен біз Арыс қаласындағы балалар үйіне түстік. Ата-анамыз бізді "осында оқисыңдар" деп алдап әкеліп, тастап кетті. Әкеміз де, шешеміз де - тірі. Балалар үйіне әкеп тастағандарында менің жасым 8-9-да, ал ең кімкентай інім 6 айлық еді. Кішкентай інімді өзім қарап, "дом малюткаға" бергізбедім. Тірі жетім болудың қандай ауыр болатынын айтып жеткізу мүмкін емес. Алғашында әке-шешеме тоқтаусыз хат жазатынмын. Оларды сағынғанда, жанымды қоярға жер таппайтынмын. Өкінішке қарай, уақыт өте келе бұл сағыныш сұп-суық мұзға айналды. 2021 жылы 9 сыныпты бітіріп, оқуға түстім. Қалай болғанда да бауырларым мен сияқты қиналмасын деп, тезірек аяққа тұруға тырыстым. Сол жылы ата-анамды іздеп, таптым. Алайда алдына барғанымда шешем "керек емессіңдер, сендей қызым жоқ, мен үшін өлгенсіңдер" деп шығарып салды. Сол күні ата-анама деген сағынышым жеккөрінішке айналды. Студент болсам да, даяшы, курьерлік жұмыс істеп, бауырларыма қолымнан келген көмегімді беріп жатырмын. Бар арманым, төрт бауырымды аяққа тұрғызу", - деген Ләйлә  көкейінде бір ғана сұраққа жауап таппай жүргенін айтады. "Әке-шешеміз бізді неге тастап кетті? Кінәміз не?" деген сұраққа жауап іздеп жүрген ол көз жасына ерік берді. Дайындаған - Мәриям КЕНЕСАРЫ. Фото видеодан скринделіп алынды.  Видеоны мына сілтемеге өтіп, көре аласыз.
Все новости