"Ата-аналар комитеті - ең бір сүйкімсіз орган" дейді Аятжан Ахметжан

"Ата-аналар комитеті - ең бір сүйкімсіз орган" дейді Аятжан Ахметжан
ТикТок әлеуметтік желісіндегі парақшасында QazBilim мектептерінің басшысы, білікті ұстаз Аятжан Ахметжан өзі басқарып отырған білім ошақтарында ата-аналар комитетіне қатысты сұхбатын жариялады деп жазады Democrat.kz. "Біздің мектептерде ата-аналар комитеті жоқ. Ата-аналар комитеті дегеннің өзі бір сүйкімсіз орган. Бұл комитетке пысық, үйде отырған ата-аналар кіріп алады. Олар ақша жинаумен айналысады. Ата-аналар комитеті неге жоқ дегендер болды. Керегі бар ма? Сұрақ болса, бүкіл әлеуметтік желіде отырмын, телефон нөмірім тұр. Бүкіл мектеп басшыларына "ата-ана таңғы 8-ден кешкі 19-00-ге дейін келсе, кез келген уақытта қабылда" деп тапсырып қойғанмын. Кез келген мәселені тікелей мектеп әкімшілігімен ата-ана өзара шешкені дұрыс", - дейді Аятжан Ахметжан. Айтса, айтқандай-ақ. Ата-аналар комитеті деген ұйымның қазір керегі бар ма? Интернет бар, әлеуметтік желіде онсызда топ құрып алатын оқушының ата-аналарына мектеп ішінен комитет құру не үшін керек? Фото интернеттен алынды.  [video width="576" height="1036" mp4="https://democrat.kz/wp-content/uploads/2024/09/WhatsApp-Video-2024-09-02-at-20.14.39.mp4"][/video]    
Все новости