Танымал әнші Бүркіттің зәулім үйі мен көліктері ел назарын аударды.
“Бүркіт ағамыздың шаңырағында қонақтамыз. Ағамның көліктерін қызығып, көріп қалдық. Екі Range Rover мен Rolls-Royce бар екен. Бассейндегі суы да жып-жылы болып тұр. Ағамыз қызды болып жатыр. Құтты болсын”, – деп жазды шоумен Руслан Ысқақов.
Айта кетейік, өнер иесі көліктерге қатты қызығатынын айтқан еді. Журналист Динара Сәтжанға сұхбат беріп, тұрмыс-тіршілігін таныстырған еді.
“Астымда жақсы көлік болмаса, өзімді жайсыз сезінемін. Тұлпарсыз батыр сияқтымын. Балаларды тасуға және саяхаттауға арналған микроавтобус, Range Rover – Аишанікі, Rav4 – қарындасымдікі және Bentley өзімдікі. 520 шаршы метрлі екіқабатты зәулім үйді үш жылда соқтым. 2011-де құрылыс жұмыстарын бастап, 2014-те отбасымен осында көштік. Бір аулада екі үй бар. Бірін ата-анама арнап салдым”, – деген еді әнші.