Алматыға жүздеген ауғандар келе жатыр

Алматыға жүздеген ауғандар келе жатыр
Алматыда Ауғанстан және Қазақстан тараптарының бизнес форумы өтеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Сауда және интеграция министрлігінің ақпаратына сүйенсек, іс-шара 20-22 қазан аралығына жоспарланған. Бизнес форумнан бөлек, іс-шара аясында ауған тауарларының көрмесі де ұйымдастырылады. "Делегацияның Ауғанстаннан Қазақстанға сапары аясында ауқымды бизнес форум өтеді. Ауғанстан экономикасының түрлі салаларынан 250-ден аса кәсіпкер өз тауарлары мен қызметтерін ұсынады", – деп жазылған хабарламада. Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды. 
Все новости