Әлихан Смайылов ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды

Әлихан Смайылов ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды
19 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне келді. Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, Абу-Даби қаласында БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен, БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары, Президент Әкімшілігінің Министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен және елдің іскер топтар өкілдерімен кездесулер жоспарланған. Сондай-ақ бірқатар мемлекетаралық және коммерциялық келісімдерге қол қойылады деп жоспарланған. Дереккөз: ҚазАқпарат
Все новости