Ажырасқан әйел әлдеқайда бақытты ма?

Ажырасқан әйел әлдеқайда бақытты ма?

Біздің қоғамда ажырасқан әйел бақытсыз әйел деген түсінік бар сияқты. Әлде керісінше отбасылы әйел бақытты әйел дегендей. Әркімнің ішіне кіріп шықпайсың. 90-ыншы жылдары ауыр кезең болды.

Бірақ ажырасу деген өте аз болатын. Сол заманның әйелдерін бақытты әйелдер деп айтпас едім. Жұмыссыздық жайлаған, тиын тебен тапса арақ ішетін, үйіне концерт қоятын уақыт еді. Әйелдерді ұру дүкеннен нан әкелу секілді оңай болатын. Ажырасайын десе төркініне сыймайды. Сол заманда ауылдағы қыздардың өмірлері русская рулетка ойнаған секілді. Беталды танымайтын біреу алып қашады. Алып қашқан қызды әкеліп қою дегенді естімейсің. О бәлемен әңгімең жараса ма, оның көзқарасы қалай, оқыған ба қой знает. Алып қашты, кемпірлер жабылып орамал салды. Сол үйде қаласың. Балалы шағалы боласың. Көргенің той тұмалақ. Содан немере бағып өлесің. Осы типичный өмір керек па? Күйеуің дені дұрыс адам болса егер. Араққа жақын болса бітті дей бер. Бүкіл өмірің қор болады. Бірақ ажыраспайсың. Ұят болады. Сол түсінік әлі де бар. Кейде күйеумен тұрғанша жалғыз тұратын әйел бақытты болуы мүмкін. Үй жайы бар, балалары жақсы мектепте оқитын, өзінің демалысын жақсы өткізетін, қалауын ала алатын, табысы жақсы болса болды ғой. Қартайғанда шәй ішіп, әңгіме айтатын шал керек дейтін шығар. Қазір шалдың да қажеті жоқ. Зейнеткерлерге арналған түрлі орталықтар бар. Шалдан қарағанда іш пыстырмайды. Шалмен керісінше ұрсып отыруың мүмкін. Ошым тұрмыстағы әйел бақытты ма, тұрмысқа шықпаған әйел бақытты ма, ажырасқан әйел бақытты ма құдай білсін. Кімге қандай өмір ыңғайлы солай өмір сүрген дұрыс шығар. Сәбит РЫСБАЕВ, экономист-сарапшы. Фото көрнекілік үшін.
Все новости