Марат Әйтеновтің бірінші әйелі мәлімдеме жасады

Марат Әйтеновтің бірінші әйелі мәлімдеме жасады
Екінші әйелін бала-шағасымен қосып үйінен күштеп шығарған Шымкент қаласының бұрынғы әкімінің інісі Марат Әйтеновтің бірінші әйелі шетелде отырып мәлімдеме жасады деп хабарлайды Democrat.kz. Түркияда тұратын Лейла Мирас бұрынғы күйеуі туралы әлеуметтік желіде тарап жатқан видеоларға қатысты балалары қорқып, жылап жатқанын айтады. "Сыни тұрғыдан мәселеге мән берулеріңізді сұраймын. Проблемаға құқық қорғау органдары баға берсе екен. Марат Әйтенов менімен бірге тұрғанында үлгілі әке болды. Балаларына және маған қол көтермеді",- деген Лейла Мирас әкесіне қатысты тараған видеолар балаларының жүрегіне салмақ салып жатқанын айтады. Фото видеодан скринделіп алынды.  https://www.tiktok.com/@dan.news.qz/video/7391420200236633349?_r=1&_t=8o12Euu3xLR
Барлық жаңалықтар